×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Таксопарктер әрбір 10-шы көлікті мүгедектерге бейімдеуге міндеттелмек

27.04.2022, 10:45
Фото: Ашық дереккөзден

Осы ұсынысты мәжілі қабырғасында депутаттар көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс қабырғасында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасын қорғаған депутат Елнұр Бейсенбаев заң жобасында таксопарктер әрбір 10 таксиге мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс деген түзетулер енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес таксопарктер әрбір 30-шы такси көлігіне мүгедектігі бар адамдарға бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс, яғни аталған норма мүгедектігі бар адамдарға тиімді жағдай жасауға бағытталған. Оған қоса, тұрақты маршруттар үшін мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген автобустарды сатып алу бойынша өзгертулер енгізілген», - дейді ол.

Депутаттардың айтуынша, Қазақстанда халықтың 4 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында тұр.