×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Қошановқа сұрақ қойылды: «Amanat» партиясының атынан президент сайлауына түсесіз бе?

27.04.2022, 13:06
Фото: ашық дереккөзден


Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ««Amanat» партиясының атынан президент сайлауына түсесіз бе?» деген сұраққа жауап берді, 

«Кеше ғана партияның съезі өтті. Президент ұсынғаннан кейін партияластарым дауыс беріп, мен осы лауазымға сайландым. Бұл лауазым қоғамдық жұмыс болып есептеледі. Ал Парламент Мәджілісінің төрағасы қызметі – сайламалы қызмет. Екеуінің арасында заң жағынан қарама-қайшы ештеңе жоқ деп ойлаймын. Екіншіден, бұл әлемдік тәжірибе. Басқа мемлекеттерде де, депутаттар, Парламент төрағалары басымдық алған партияның төрағасы саналып жатады», - деді Ерлан Қошанов Мәжіліс кулуарында,һ.

Оның айтуынша, партияның негізгі стратегиялық бағыты өзгермейді. Ол – президенттің бағытын қолдау, реформаларын жүзеге асыру. 

«Саяси және экономикалық, әлеуметтік реформалар халықтың жағдайын көтеруге, саяси, бизнес пен экономикадағы бәсекелестікті арттыруға бағытталады. Бұл біздің темірқазық. Біз бұдан ауытқымаймыз», - деді ол.
Ал ««Amanat» партиясының атынан президент сайлауына түсесіз бе?» деген сұраққа ол «ойымда жоқ» деп жауап берді.