×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Ерлан Қошанов Болат Назарбаев жайлы: Қылмысы болса жазаланады

27.04.2022, 13:36
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында спикерден журналистер Алтын орда базарындағы заңсыз жайлы сұрақ қойған. Бұдан бір күн бұрын ғана Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев ол базарда «бұзылмаған заң қалмағанын» айтқан еді.

«Ең біріншіден, Алматыдағы «Алтын орда» базары туралы айтқан Қанат Бозымбаевтың сұхбатын көрген жоқпын. Алтын орда базарына қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Меніңше, әділетті шешім шығады. Күту керек. Менің ойымша, қазір дербес құқығы бар, «қол сұқпау» қақына ие ешкім жоқ. Сол себепті базардың бастығы немесе жетекшісі болсын, қылмыс жасаса, ол тиісті жазасын алады», - деді Ерлан Қошанов.

Болат Назарбаевтың қашып кеткені рас па деген сұраққа Қошанов «менде ондай ақпарат жоқ» деп жауап берді.

«Егер оның қылмысы болса, жазаға тартылады. Қылмысы болмаса жазаға тартылмайды. Біз құқықтық мемлекетпіз ғой», - деп түйді Мәжіліс төрағасы.