×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Депутат Жамалов: Ел өзін «тонаушылардың» атын білуі тиіс

27.04.2022, 14:15
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету керектігін мәлімдеді. Мәжілісмен ол үшін объективті себептер барын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«25 сәуірде Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 13,5%-дан 14%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Ұлттық Банк өз шешімін: бірінші «инфляцияға қарсы саясатты» жүргізуге деген бейілділікпен, екінші «геосаяси тәуекелдермен» және үшінші «оң фискалдық импульспен» түсіндіреді.Егер инфляция туралы айтатын болсақ, онда жылдық инфляция 12%-ды құрайды. Бұл базалық мөлшерлемеге қарағанда төмен. Көптеген дамыған елдер бұрыннан теріс шынайы мөлшерлемелерге көшкен. Мысалы, АҚШ-тағы инфляция – 8%, ал ФРЖ мөлшерлемесі – 0,5%. Ал бізде керісінше, базалық мөлшерлеме ресми инфляциядан бақандай 2%-ға жоғары. Яғни, Ұлттық банктің өзі инфляцияның одан әрі ұлғаюына итермелеп отыр. Өйткені, инфляцияның қорқынышты құрамдас бөліктерінің бірі – бұл инфляцияны күту», - дейді депутат.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің инфляцияны таргеттеуі – бұл соның астында экономикамыз құртылып жатқан түтіннен жасалған насихаттау бүркемесі. Геосаяси тәуекелдерге тоқталған депутат Ұлттық банк олар туралы Ресей Банкіне айтуға кеңес берді. Өйткені санкциялық қысымға қарамастан, Ресей банкі негізгі мөлшерлемені 17%-дан 15%-ға дейін, ал алдағы уақытта мүлдем 10%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отырған көрінеді.

««Оң фискалдық ынталандырмалар» деп аталатын шаралар дәл осы Ұлттық Банктің саясатына тікелей байланысты. Экономикада қолжетімді кредиттер болмағандықтан, Үкімет жеңілдікті кредит беру мен субсидиялауға 500 млрд. теңге бөлуге мәжбүр екенін бұған дейін айтқан едік. Мынадай қарапайым сұрақ туындайды. Бұл кімге тиімді? Ұлттық Банк кімнің мүддесін басшылыққа алады? Жауап сұрақтың өзі сияқты қарапайым – банктерге тиімді. Базалық мөлшерлеме Ұлттық Банктің ноталары мен Қаржы министрлігінің облигациялары бойынша банктердің кірістерін тікелей айқындайды. Қазір Ұлттық Банктің ноталарында 1,5 трлн теңге бар, сондай-ақ 11 трлн теңгені Қаржы министрлігінің облигацияларына орналастырған. Осы облигациялар бойынша төлемдер де базалық мөлшерлемеге байланыстырылған. Өткен жылы ғана банктер Ұлттық Банкке салымдар мен бағалы қағаздар бойынша пайыздарда 500 млрд. теңгеден астам пайда тапты. Әрі сол кезде базалық мөлшерлеме 9% болды. Шамасы, бұл оларға жеткіліксіз. Биыл банктердің кірістері одан да көп болмақ. Демек: қазақстандықтар үшін – инфляция, ал банктер үшін – қолайлы жағдай», - дейді ол.

Депутат осыны айта келе қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды базалық мөлшерлемеге байланыстырмай шығару мүмкіндігін зерделеуі керектігін мәлім етті. Бұл ретте нарықтың қажеттіліктерін негізге алу керек. Әрі бірінші кезекте облигацияларды банктерге емес, зейнетақы қорына және зейнетақы активтерін басқарушыларға бөлген жөн. Яғни, оларға тікелей мемлекеттің облигацияларын сатып алу мүмкіндігін беру керек. Осылайша, олар бойынша пайданы банктер емес, халық алады.

«Қаржы министрлігі базалық мөлшерлеменің мөлшеріне сілтемелердің бар-жоғы тұрғысынан салық және басқа да заңнамаға тексеру жүргізсін. Өсімақының, тұрақсыздық айыбы мен басқа да төлемдердің мөлшерлерін базалық мөлшерлемеден ажырату бойынша ұсыныстар әзірлесін. Азаматтар қандай банктердің жоғары мөлшерлемелерде пайда табатынын білетіндей Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі ноталар мен мемлекеттік облигациялардың ұстаушыларын және алынған сыйақы сомаларын үнемі жариялап отырсын. Ел өзінің «тонаушыларын» білуге тиіс», - деп түйді депутат.