×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Каспий жағалауынан 94 өлі итбалық табылды

28.04.2022, 09:30
www.gov.kz

27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеуді жалғастыру барысында барлығы 94 өлі итбалық табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, зерттеу жұмыстарын ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, ветеринарлық қызмет және жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізген.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су мен топырақ сынамаларын алды.

Айта кету керек, итбалықтардың қаңқаларының қатты ыдырауынан өлімнің себептерін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады.

«Қазіргі уақытта өлі итбалықтардың қаңқаларын жою шаралары ұйымдастырылуда. Жағалау мониторингі жалғасуда, су мен топырақты талдаудан алынған сынамалардың нәтижесі белгілі болған соң қосымша ақпарат жарияланады», – делінген хабарламада.