×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Шекарада делдалдар, жемқорлар көп": Әшімбаев инфляцияны бәсеңдетуге не кедергі екенін айтты

16.03.2023, 11:17
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан-Қытай шекарасындағы кептеліс қолдан жасалып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әшібаевтың сөзінше, елдегі инфляцияны бәсеңдетудің бір жолы  – Қазақстан-Қытай шекарасындағы логистика.

«Бізге Қытайдан үлкен көлемде тауар келеді. Шекарада неғұрлым кептеліс көп болып, кезек қалыптасып, қиындық туындаса, делдалдар, ақша жинайтындар соғұрлым көбейеді, жемқорлық соғұрлым артады. Ондай «алымдар» елдегі тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді. Яғни, шекарадағы ахуалды тазарту арқылы, тосқауылдар мен делдалдарды, қандай да бір жемқорлық схемаларды жоя отырып, бағаның әлдеқайда төмен болуына ықпал етеміз», - деді ол.

Сенат төрағасы кәсіпкерлерден шағым жиілегенін атап өтті.

«Шекарада жүк көліктері өте көп қаңтарылатын болған. Бұл жерде осыған мүдделі тұлғалар, жемқорлар аз емес сияқты. Шекарадағы бүкіл процестерді цифрландырып, автоматтандыру керек. Қытайлықтар оған қарсы деп ойламаймын. Олар мұндай бастаманы толықтай қолдайды. Кеден және өзге құрылымдар тарапынан жасанды жолмен қойылып отырған тосқауылдарды алып тастау қажет. Менің ойымша, Қытаймен шекарадағы жағдай - елдегі бағаға тікелей әсер ететін маңызды фаткорлардың бірі. Біз бұл факторды жоя аламыз деп ойлаймын. Ол фактор көп жағдайда қолдан жасалған. Пандемия аяқталуға жақын. Қытай өз саясатын өзгертті. Ал шекарадағы кезек әлі сол қалпы. Бұл, әрине, үлкен сұрақтарды туындатады. Үкімет бұл мәселемен мықтап айналысады деп ойлаймын. Сенат депутаттары да оны бақылауда ұстайды», - деді Әшімбаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері арқылы жүк көліктерінің өтуін жеделдету мәселесі талқыланған Үкіметтегі жиында жауапты ведомстволарға кедергілерді жоюға үш күн уақыт берілген болатын.

Серіктес жаңалықтары