×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы нені талқылады

30.04.2022, 15:14
Фото: www.gov.kz

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы саяси ведомствосы ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, телефон арқылы сөйлесуге Украина тарапы бастамашы болған.

"Тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздер перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады", - дейді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.