×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Смайылов сайлаудан соң өз орнында қала ма

19.03.2023, 08:54

Елордадағы №111 сайлау учаскесіне  дауыс беруге барған премьер-министр Әлихан Смайылов өзі басқарған министрлер кабинетінің жұмысына баға беріп, сайлау нәтижесі шықққан соң қызметінде қалу ықтималдығы жөніндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан сайланғаннан Үкімет өз өкілеттігін тоқтатуы тиіс. Журналистер Смайыловтан сайлау қорытындысы шыққаннан кейін не істейтінін сұрады.

«Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа премьер-министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез-келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз», - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, премьер-министр Үкімет құрамының жұмысына баға берді.

«Өткен жылы өте қиын жағдайда экономиканың нақты өсімін 3,2%-ға қамтамасыз ете алдық. Тәуелсіз рейтинг расталып, тіпті болжамды жақсарттық. Күрделі және сыртқы геосаяси жағдайларға қарамастан экономикамыз тұрақты дами алды. Инфляциялық өзгерістер болды, биыл оны екі еседен астамға төмендетуді мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатта жұмыс істейтін боламыз», - деді Смайылов. 

Еске салсақ, 2023 жылғы қаңтарда елдегі жылдық инфляция 20,7%-ға жетті. Азық-түлік тауарларының бағасы қаңтарда 25,7%-ға өсті.

Серіктес жаңалықтары