×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Махамбет Әбжан ұсталғанда іс туралы толық ақпарат неге бірден жарияланды – Бектенов түсіндірді

19.03.2023, 10:26
Махамбет Әбжан ұсталғанда іс туралы толық ақпарат неге бірден жарияланды – Бектенов түсіндірді
әлеуметтік желіден

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов сотталған журналист Махамбет Әбжанды ұстау кезінде ол туралы толық ақпарат неге бірден айтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бектенов бәрі қылмыстық іс жүргізу кодексі шеңберінде болып жатқанын атап өтті.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы ақпарат ҚІЖК-ге сәйкес қойылады, нормалар бар. Прокуратурамен келісім бойынша. Егер бұл тергеу барысына зиян тигізбесе, онда белгілі бір мәліметтер жариялануы мүмкін. Бұл жағдайда біз бұл тергеу барысына зиян тигізбейді деген қорытындыға келдік", – деп жауап берді Бектенов.

Антикор басшысы кінәсіздік презумпциясы туралы да айтты.

"Ол кез-келген азаматқа қатысты қолданылады. Бұл Конституциямен кепілдендірілген. Мемлекеттік қызметші болсын, басқа болсын, бұл мәселе әрқашан сақталады", - деді Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, журналист әрі блогер Махамбет Әбжан 2022 жылдың 3 шілдесінде ұсталып, 5 шілдеде қамауға алынды. Антикор мәліметінше, ол кәсіпкер Рашит Махаттан 50 миллион теңге бопсалаған.

Әбжанның өзі өз кінәсін мойындамайды және тергеу тарапынан қысым туралы бірнеше рет мәлімдеді.

Ақпан айының басында ол тоғыз жылға сотталды.