×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жеңіс күні - фашизмді жеңген ерлер ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн

09.05.2022, 09:08
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының айтуынша, Жеңіс күні ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн», - делінген құттықтауда.

Президент сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырағанын, майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеткенімізді атап өтті. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз екенін еске салды.

«Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді. Мемлекет соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс.  Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!» - деп аяқталады құттықтау.