×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзарды

13.05.2022, 19:30
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қалалық соты Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Cұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалды Гүлмираға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір ай мерзімге ұзартты”, – Нұр-Cұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді. Ол 16 наурызда ұсталды. Тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

Алдында күдікті Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлының да қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылған болатын.