×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақ-өзбек шекарасын шегендеу туралы заңға қол қойылды

28.03.2023, 10:29
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Бұдан бұрын Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко екі ел арасындағы шекара сызығы 5 шақырымға ұзаратынын мәлімдеген.

«Кейінгі 19 жылдағы демаркациямен байланысты процестер кезінде шекара сызығы өтетін тұстар нақтыланды. Бұл мәселеде екі тараптың да жергілікті халқының мүдделері, шекара күзетінің қолайлы болуы ескерілді. Осылайша шекара сызығы 5 шақырымға ұзарып отыр. Нақты айтсақ, тұтас шекараның ұзындығы 2356 шақырым 666 метр болды. Осылайша 5 шақырымға ұзын бола түсті», - деген еді Василенко.

Серіктес жаңалықтары