Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды”, – деп хабарлады Ақорда.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда басым дауыс жинаған партия, яғни Amanat ұсынатынын мәлімдеді.
Бұдан бұрын Ulysmedia.kz дереккөзі Әлихан Смайылов өз орнында қалатынын хабарлаған.
Сондай-ақ, Смайыловтың Үкімет басындағы қызметі несімен есте қалғанын, ол басқарған министрлер кабинетінің “жетістіктері” жайлы егжей-тегжейлі жазғанбыз.