×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматы облысында газ бағасын шарықтатқан монополиске 78 млн теңге айыппұл салынды

31.03.2023, 10:06
Алматы облысында газ бағасын шарықтатқан монополиске 78 млн теңге айыппұл салынды
фото: ашық дереккөзден

Алматыда газ бағасын заңсыз қымбаттатқан компания жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінге, тексеру нәтижелері бойынша "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану анықталған.

“Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% - ға), 184 млн. теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды және 78 млн.теңге айыппұл өндірілді”, – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушыларының құқықтары қорғалды, олардың 300-ден астамы – кәсіпкерлер.