×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

30 жыл бұрын. Ақорда Тоқаевтың архивтегі суретін жариялады

22.05.2022, 12:40
Фото: "БОРТ №1"

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Айтулы датаға орай Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суретін жариялады.

Сурет 1992 жылы 22 мамырда Парижде ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейін түсірілген.

Айта кетері, ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын.

Бүгінде Қазақстандағы бірқатар нысан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген.

Мәдени нысандар:

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;

Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;

Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.

Табиғи нысандар:

Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;

Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.