×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға не үшін келмекші

23.05.2022, 12:04
фото: ашық дереккөзден

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу бастаған АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы 23-27 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда барады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында хабарланды.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, бұл іссапардың мақсаты - АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы өзара байланысты нығайту.

Қазақстанда делегация жоғары лауазымды қазақстандық шенеуніктермен және азаматтық қоғамның көшбасшыларымен кездесіп, Қазақстанның реформалар бағдарламасын, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту жөніндегі шараларды талқылайды деп жоспарлануда.