×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Армияға енді бара жатқан сарбаз пойызда есінен танған әйелді құтқарып қалды

24.05.2022, 10:54

Әлеуметтік желіде бұл туралы Ғалым Шойкин жазды. Атырау-Алматы бағытындағы пойызда бір әйел есінен танып қалған. Пойызда болған, мерзімді әскери қызметке аттанып бара жатқан сарбаздардың бірі оны құтқарып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір топ әскерилер Атыраудан Зайсанға мерзімді әскери қызметін атқару үшін кетіп бара жатқан. Түннің бір уағында жолсерік көрші вагонда бір әйелдің есінен танып қалған айтып, майордан апыл-ғұпыл көмек сұраған екен.

«Сол жерде Абылайхан Убайдуллаев деген азамат бооды. Ол фельдшер екен. Армияға дейін жедел жәрдем қызметінде болған. Әйел ес-түссіз жатқан. Абылайханмен бірге болғандар әйелдің жүрегі ауырғанын айтады. Жолсерік жақын жердегі стансаға хабарласқанша Абылайхан шұғыл медициналық көмек көрсетті. Пойыз стансаға жеткен кезде әйел есін жиды. Бұл нағыз ғажап. Қиын кезде оның жанынан нағыз маман табылды», - деп жазады Ғалым Шойкин.