×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Ақшолақов жыл соңына дейін 93 елді мекенді газбен қамтуға уәде берді

24.05.2022, 11:45
фото: ашық дереккөзден

ҚР Энергетика министрлігі жыл соңына дейін Қазақстан халқының газбен қамтамасыз етілу көрсеткішін 58,43 пайызға жеткізбек. Бұл туралы ведомство басшысы Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізді газдандыру деңгейі халықтың жалпы санының 57,67%-ын құрады немесе 11 млн адам газға қол жеткізді. Жалпы, елді газдандыру 2015-2030 жылдарға арналған бас жоспарға сәйкес жүзеге асып жатыр», - деді министр.

Соңғы жылдары ішкі газ тұтынудың күрт өсуіне және елді одан әрі үздіксіз газдандыру үшін газ тасымалдау жүйесін жаңғырту қажеттілігіне байланысты министрлік «Қазақгазбен» бірлесіп «Газдандырудың бас схемасын» өзектендіріп жатыр. Бас схеманы іске асыру бюджет қаражаты, «Қазақгаз» және ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүргізіліп жатыр.

«Биыл елді газдандыруды дамытуға министрліктің республикалық бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 50,1 млрд теңге қолдау тапты. Нәтижесінде 133 жобаны іске асыруға 96 млрд теңге қарастырылып, бұл 146 мың адамды немесе 93 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған газдандыру деңгейі – 58,43%», - деді Б.Ақшолақов.