Вице-премьер, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистердің "Елдегі инфляцияны екі есеге төмендету туралы тапсырманың орындалатынына кепілдік бере аласыз ба?" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Мен мұны істеуім керек", - деді Жұманғарин тілшілерге.
Министрдің сөзінше, адамдар екіге бөлінеді.
"Бірінші санат – сыншылар; екінші санат – жұмыс істейтіндер. Ал жұмыс істейтіндер, әдетте, өз жұмысының нәтижесіне онша риза емес. Мен жұмыс істеймін, мен болжаушы емеспін. Біз істеп жатқан жұмыс жақсы нәтижеге жеткізуі керек", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына қойған маңызды міндеттердің бірі – инфляцияны екі есеге төмендету.
Бұдан бұрын премьер-министр бензин бағасының өсуі елдегі инфляцияға қалай әсер ететінін айтқан.