×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қуантыровқа сұрақ: Ресейдің «санкцияларды айналып өту қулығы» Қазақстанды жарға жықпай ма

26.05.2022, 13:56
Фото: Ulysmedia.kz

Ресейліктер Еуропа тауарларын Қазақстан арқылы алып жатыр. Санкцияларға байланысты тікелей кіргізе алмайды. Бұл жағдайда Қазақстан да күндердің күнінде санкцияларға ілініп қалмай ма? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz порталының тілшісі Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа қойды.

Айта кетсек, бұған дейін украиналық саясаткер Антон Геращенко «Ресей санкциялардың салдарын Қазақстан арқылы айналып өтіп жатыр» деп мәлімдеген еді. Журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатында ол былай деген еді.

«Санкциялар біз ойлағандай Ресейге әсер етіп жатқан жоқ. Мәселен, орыс кәсіпорындары жаппай Қазақстанға тіркеліп жатыр. Ол жақта қазақтардың атынан заңды тұлғалар ретінде тіркеледі немесе қазақ кәсіпкерлерін серіктестікке тартады да, Еуропадан Ресейге сатылуға тыйым салынған тауарлардың бәрін қазақ компаниялары атынан сатып алады. Қазақстанның нөмірімен ірі фуралар осы тауарлардың бәрін Еуропадан Қазақстанға, ары Ресейге әкетеді», - деген еді.

Мұның салдары Қазақстанның да күндердің күнінде санкцияларға ілінуіне апарып соқпай ма? Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров былай дейді.

«Санкцияға түсетін тауарлар бар. Олардың тізімі бар. Осы тізім бойынша тауарды алмастыруға болмайды (?) Басқалар болады. Ол деген сауда. Біз Ресеймен саудаласамыз. Ол георафия. Ең ұзақ шекарамыз да осы елмен шектеседі. Экономика бар. Сол себептен сауда ары қарай жалғасады», - деді ол.

Яғни «тауар алмасуға келгенде Қазақстанның санкцияларға ілігу қаупі жоқ деп айта аласыз ба?» деген сұраққа «санцияларға жататын тауарлар болса, оған тікелей әсері болуы мүмкін» деді. Басқа жағдайда саудаласуға болады.

«Әзірге санкцияларға жататын тауарлар Қазақстан арқылы Ресейге тасымалданып жатқан жоқ па?» деген сұраққа министр «әрине» жоқ деп жауап берді.