×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Абылай Мырзахметов: Қазақстанда бай мен кедейдің арасы алшақтап кетті

26.05.2022, 15:34

Соңғы 10 жылда бай мен кедейдің, ел мен элитаның арасы алшақтап кетті. Халықтың шыдамсыздығы осыдан туындап отыр. Бұл туралы Kz Пульс Youtube арнасына берген сұхбатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов айтты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Соңғы 10 жылда көптеген мәселе жиналып қалды. Бірінші – ол халықтың табысы.  Шыдамсыздық содан туындап отыр. Халыққа оның бәрін түсіндіріп, табыс неліктен аз, экономика заңдылығы былай, инфляция мен баға бірге өседі деп  министрлер шығып айтып жатыр. Халық оған құлақ асып жатқан жоқ. Өйткені бұл мәселелер  соңғы 10 жылда өршіді. Жалпақ тілмен айтсақ, бай мен кедейдің арасы алшақтап кетті, ел мен элитаның арасы алшақтап кетті. Міне, осының бәрі шыдамсыздықты тудырып  отыр», – деді Абылай Мырзахметов.

Қоғам қайраткері елімізде саяси өзгерістерден бөлек, ағарту жұмыстарын күшейту керек деген пікірде.

«Ең үлкен мәселе – ағарту жұмыстары, елге сауатын ашуға, ізденуге ақпарат жетпейді.  Мына Конституциялық өзгеріс әр адамға, оның  айналасын, табысын өзгертуге тікелей әсер ететінін түсіндіру керек. Мақсатым елімді ағарту жолына түсіру. Алашордадағы аталарымызды халық неге құрметтейді? Өйткені олардың бәрі ағартушы болды.  Өзім ауылда өстім, білім алдым, үлкен дәрежеге жеттім.  Енді парызым – соны ауылға, қандастарыма, бауырларыма қайтару. Осы жолда қалталы, көзі ашық азаматтарды біріктіріп, елге ағарту, білім беру, сүйемелдеу жұмысын жасау, сол арқылы президент реформасынан нәтиже шығаруға атсалысқым келеді», - деп ағынан жарылды ол.