×
448.81
476.82
4.77
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.81
476.82
4.77

"Қазақ тіліне мүлде құрмет жоқ": Депутаттар шенеуніктерді тестілеудегі шикіліктерге шүйлікті

05.04.2023, 11:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевқа жолдаған депутаттық сауалдарында мәжілісмендер мемлекеттік қызмет саласындағы қазақ тілінің жағдайын көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршиннің сөзінше, заңмен бекітілген биік мәртебесіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет саласында ана тіліміздің ресми тілдің тасасында қалып отыр.

“Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін - мән белгіленбейді» деп жазылған.  Демек бұл, мемлекеттік қызметке өту барысындағы тапсырылатын тестілеуде қазақ тілінің қажеттілігі жоқ екенін білдіреді. Мысалы: «Б» корпусының мемлекеттік қызметке өту сынағында 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша қамтылған 130 сұрақтың белгілі бір межесі көрсетілген. Ал қазақ тілінен өту межесі айқындалмаған. Бұл ана тілге деген құрметтің мүлдем жоқтығын көрсетеді”, – дейді халық қалаулылары.

Олардың пікірінше, мемлекеттік қызметке өткен азаматтарға берілетін сертификатта «Үміткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден сәтті өтті» деп жазылуы –  көзбояушылық.

“Осыған орай біздің ұсынысымыз мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде өткізілетін тестілеу кезінде қазақ тілі есепке алынып, үміткер 100% мемлекеттік тілден оң нәтиже шығару керек деген нормалар енгізілсін”, – дейді мәжілісмендер.

Серіктес жаңалықтары