×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Экс-президент бір айға қамалуы мүмкін

26.05.2022, 18:11
фото: ашық дереккөзден

Молдованың жемқорлықпен күрес прокуратурасы экс-президент Игорь Додонға төрт түрлі айып тақты, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 

26 мамырда прокурорлар саясаткерді 30 тәулікке қамауға алу жөніндегі шағымын сотқа өткізеді.

Бұған дейін Додон 72 сағатқа қамалғанғанын хабарлағанбыз. Оның алдында оның үйін тінтіген.

Додон істің саяси астары бар деп есептейді.

Тергеу нұсқасы бойынша, Додон молдаван олигарх Владимир Плахотнюктен пара алған. Оған 2019 жылы жасырын камерамен түсірілген видео дәлел болды. Плахотнюк сол кезде президент қызметін атқарып жүрген Додонға қара пакет ұстатуға тырысқан. Мемлекет басшысы оны ұстамаған, бірақ "Костя" есімді бір азаматқа беруін өтінген. Видеода Додон мен Плахотнюк парламентте коалиция құру мәселесін де талқылаған.

Плахотнюк молдаван саясатының "сұр кардиналы" болды. Ол басқарған Демократиялық партия елдегі ең басты саяси күшіне айналды. Бірнеше жыл бұрын оның үстіне қылмыстық іс қозғалған уақытта ол елден кетуге мәжбүр болды.

Додон – ресейшіл саясатке Президент болып тұрған уақытта ол Мәскеуге бірнеше рет барды, Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысты.