×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қашан экстрадицияланады

27.05.2022, 15:22
фото: ашық дереккөзден

Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

– Қазіргі уақытта екі елдің бас прокуратуралары желісі бойынша жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігі бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста.

"Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл күйі қалыпты", - делінген СІМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталды.

Ол Нигерия азаматтарының Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауға келіскен. Гуанчжоудан шыққан кезде оның сөмкесінен есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы білмейтінін айтады. Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталған жоқ.