×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Ақтөбеде тұтынушылар кооперативінің салымшылары Тоқаевтан көмек сұрады

29.05.2022, 17:06
Diapazon

R.O.I тұтыну кооперативінің салымшылары үш жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Diapason басылымына сілтеме жасап.

Кооператив пәтердің алғашқы жарнасын 180 мың теңгеден баспана құнының 30 пайызына дейін көтеріп жіберген.

Сонымен қатар, келісім-шарт бойынша олар кооперативке басқа да әлеуетті тұтынушыларды шақыруы тиіс болатын. Бұл үшін инвесторларға бонустар уәде етілген.

"Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, осындай кооперативтерді өз бақылауыңызға алыңыз. Сізден объективті тексеруді жоғары деңгейде жүргізуіңізді сұраймыз. Әрбір жұмсалған тиын көзге көрініп тұруы керек", - дейді салымшылардың бірі Ерлан.

«R.O.I» төрағасы Арген Нұржанов үлескерлермен кездесіп, кіру жарналары жалақы, пәтерақы, техникалық қызмет көрсету, жарнама, салықтар мен кооперативті дамытуға арналған шығындарға есептелетінін айтты. Ал ұйым басшысы депозит көлемінің ұлғаюын қолма-қол ақшаның жетіспеушілігімен – міндетті шығыстарға ақшаның уақытша тапшылығымен түсіндірді.

2021 жылдың қазан айында Талдықорғандағы R.O.I салымшылары да уәде етілген баспанаға қол жеткізе алмағаны белгілі болды. Аталған факті бойынша прокуратура тексеру жүргізді.

2022 жылдың мамыр айының басында Оралдағы кооператив үлескерлері де үш жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүргендерін айтты.

Нұржанов шарттардың орындалмауын пандемиямен және тұрғын үй бағасының өсуімен, сондай-ақ үлескерлердің өз белсенділігінің төмендеуімен түсіндірді.

Әлеуметтік желілерде R.O.I мен кооператив басшысын көптеген қазақстандықтар алаяқтық жасады деп айыптап жатыр.