×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Астанадағы су тапшылығы: Тоқаев Жеңіс Қасымбекке тапсырма берді

07.04.2023, 11:33
Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас қала әкімі президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің нысандары (ССС-3, газ жылу станциялары, ЖЭО-3, т.б.) және мектеп, медициналық орталық, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй секілді әлеуметтік нысандар құрылысының барысы, сондай-ақ апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, қалаға газ тарту және абаттандыру жұмыстары жөнінде баяндады.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы одан әрі дамыту, сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Астана Су Арнасы» қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы туғанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары