×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағандыда делдалдар көкөніс бағасы шарықтатып жіберген

07.04.2023, 12:34
Қарағандыда делдалдар көкөніс бағасы шарықтатып жіберген
gov.kz

Қарағанды облысында сауда желілерін жеміс-жидек пен көкөніспен қамтамасыз етуде қажетсіз делдалдар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ірі сауда желілерінің өкілдеріне тауар өндірушілермен тікелей жұмыс істеуді ұсынады.

«Департамент бастамасымен облыс әкімдігінің алаңында «Нейдоровское» шаруа қожалығының картобын «Корзина» және «Южный» супермаркеттер желілеріне делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалды. Осыған байланысты картоптың бағасын 160-180 теңгеден 115 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды.Сонымен қатар «Норма» супермаркетінде әлеуметтік картопты тікелей «Шанс» шаруа қожалығынан келісін 70 теңгеден жеткізеді. Осы келісімнің нәтижесінде картоп бағасы 30 пайыздан астам сомаға қысқарды», - делінген хабарламада.

ҚМА кәсіпкерлерге «Сауда қызметін реттеу туралы» заңның 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің өткізу бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауы керек екенін еске салды.  

Айта кетейік, наурызда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағаны көтеріп жіберді.