×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

«Соңғы үмітімсіз»: Қызметінен екі рет қуылған Досаев Тоқаевқа өтінішін айтты

31.05.2022, 13:03
фото: ашық дереккөзден

Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзін мемлекеттік қызметке қайта қабылдауды өтінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Еске сала кетейік, Қайрат Досаев – ең қысқа мерзімді тағайындау бойынша рекорд орнатқан экс-шенеунік. Оның табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымындағы қызметі бір тәулікке созылды. Оған дейін Досаев Тараз қаласының әкімі болған, бірақ 2019 жылғы қарашада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "жұмыстағы жүйелі олқылықтар үшін" қызметінен босатылған. Бұған мектеп дәретханасында он екі жасар мектеп оқушысының зорлануы себеп болды.

Қайрат Досаевтың айтуынша, "мектеп дәретханалары мәселесін шешуге қолы тимеген". 

"Мені неге екі рет жазалады? Асқар Мырзахметовтің тұсында еңбек инспекциясы басқармасының бастығы болып тағайындалдым емес пе? Қазір мен санатта жоқ адамға айналдым, болған оқиғадан кейін мені ешбір басшы жұмысқа алмайды", - деп атап өтті өз сөзінде Досаев.

Президентке арнаған сөзінің соңында Досаев: "Мен өз халқымның игілігі үшін жұмыс істегім келеді. Мемлекеттік қызметте істеген жылдары атыма, ар-ұжданыма кір келтірген жоқпын. Мені түсінесіз деген ойдамын, Президент мырза!

Егер сіз сенім білдірсеңіз, мен әрі қарай да мемлекетке пайдамды тигізуге дайынмын. Мемлекеттік қызметші ретінде менің болашағым сіздің қолыңызда, өйткені мен сізге берілген қате ақпараттан кейін қызметімнен босатылдым. Енді сіздің араласуыңыздан кейін ғана  мемлекеттік қызметке орала аламын. Сіз менің соңғы үмітімсіз, Президент мырза!» деп жазған.