×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалды (ВИДЕО)

31.05.2022, 17:41
фото: ашық дереккөзден

Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде пойыз 15 минутқа тоқтап қалды. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Метрополитен» КМК баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Пойыз техникалық себептермен Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат берілетін болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде»,- деп хабарлады «Метрополитен» КМК баспасөз қызметінен.