Ұлттық банк қаржы институттарында Ресей валютасы көбейіп кеткенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LS-ке сілтеме жасап.
Ведомство артық рубльдің болуы бірқатар факторларға байланысты екенін түсіндірді.
"Қазіргі уақытта банктерде Ресей валютасындағы артық қолма-қол ақшаның уақытша жинақталуы байқалады. Бұл жеке және заңды тұлғалар тарапынан еркін айырбасталатын валютаға және теңгеге айырбастауға рубль ұсынысының айтарлықтай ұлғаюына, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасын Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынуына байланысты", - деп хабарлады Ұлттық банктен.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы наурызда Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынды.