×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Тоқаев референдум арқылы өз өкілеттігін ұзартпақшы ма?

01.06.2022, 17:21
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев референдум арқылы өзінің өкілеттік мерзімін ұзартуға ниетті емес. Бұл туралы Президент ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


 

Мемлекет басшысы Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум алғаш рет өтетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл оқиға елдегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болады. Ол жалпы азаматтар конституциялық өзгерістердің маңыздылығын түсінетінін атап өтті.

"Референдумға біздің қоғамда үлкен қызығушылық байқалады. Шетелде де. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген кең әлеуметтік сұранысты және адамдардың алдағы өзгерістердің шын болатынына деген сенімін білдіреді. Бұл заңдылық, өйткені реформалар жеке тұлғалардың, соның ішінде Президенттің артықшылықтарын арттыру үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады. Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі қойылады. Мұндай ниет болған емес, болмайды да деп жауап беремін”, – деді Тоқаев.