×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанның төрт қаласында пәтер жалдау құны күрт өсті

10.04.2023, 14:27
pro-dachnikov.com

Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы бағаға қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюро дерегінше, бір жылда (2022 жылғы наурызбен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) пәтерлерді қайта сату бағасы – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% қымбаттады. Абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 29,3% артты.

Жаңа үйлер бір жылда Ақтөбе (25,4%) және Ақтау (24,3%) қалаларында ең көп қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Қызылорда (37,8%), Ақтау (32,6%), Семей (31,6%), Қостанай (29,2%), Өскемен (24,7 %) қалалары. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында ең жоғары баға Көкшетау (51,1%), Петропавл (48%), Алматы (45,4%) және Қостанай (45%) қалаларында тіркелді.

Айта кетейік, бір айда (2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді. Ал баспананы арендаға алу құны алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Серіктес жаңалықтары