×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Әлемді аштықтан құтқаратын ресейлік тауар аталды

02.06.2022, 12:07
фото: ашық дереккөзден

Украина 2021 жылы 13 миллион тоннадан астам астық экспорттады, яғни ол әлемдік тауар нарығындағы негізгі жеткізуші емес. Бұл туралы Ресей халықтар достастығы университеті Әлемдік экономика және бизнес институтының "Халықаралық экономикалық қауіпсіздік" бағдарламасының доценті Хаджимурад Белхароев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Прайм агенттігіне cілтеме жасап.

Маманның айтуынша, әлемнің астық нарығындағы көшбасшы — Ресей (30 млн тоннадан астам), одан кейін АҚШ пен Канада (шамамен 26 млн тоннадан) және Франция (19 млн. тоннадан астам). Сондықтан Украина экспортының тоқтауынан әлемде аштық болмайды. Алайда әлемдік нарықта тыңайтқыштың жетіспеушілігі күрделі проблемалар туғызуы мүмкін.

"Ресей мен Беларусь – әлемдегі ауылшаруашылық тыңайтқыштардың ең ірі жеткізушілері. Батыс елдері бұл өнімге шектеулер енгізді – теңіз порттары санкцияларға ұшырады", – деді Белхароев.

Сарапшының сөзінше, әлемнің барлық дерлік елінде топырақтың құнары кеміген,  сондықтан химиялық қоспаларсыз мол өнім алынуы екіталай.