×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада Әзербайжанның үшінші президентінің атындағы көше ашылады

10.04.2023, 15:48
Астанада Әзербайжанның үшінші президентінің атындағы көше ашылады
фото: ашық дереккөзден

Биыл Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Екі елдің мәдени онкүндіктерін өткізу туралы уағдаластықты айрықша атап өткім келеді. Қазақстанның мәдени күндері осы жылдың ішінде өтеді. Бүгін біз Әзербайжанның құрметті Президентімен көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевтің атындағы көшені ашамыз. Бұл іс-шараны әзербайжан халқының ұлы ұлының 100 жылдығына орайластырып отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Гейдар Әлиевтің өміріне арналған «Ғазиз ғұмыр» деректі фильмінің таныстырылымы өтетіндігін айтты. Фильмді Қазақстан телерадио корпорациясы түсірген.

«Елдеріміздің достығы мен өзара қолдауының жарқын дәлелінің бірі қазақ халқының Әзербайжанға – Фезули қаласында Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығын сыйға тартуы болмақ. Маған аталған орталықтың құрылысы барынша жылдам қарқынмен жүргізіліп жатқанын айтты. Меніше, таяу арада осынау маңызды нысанның жұмыс істей бастағанын көреміз. Біз мұнан ары да жан-жақты гуманитарлық байланысты дамытуға, ортақ рухани құндылықтардың асыл қазынасын байытуға нық ниеттіміз», - деді Президент.