×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қазақ-қырғыз шекарасында ірі сауда-логистикалық кешен салынады

02.06.2022, 13:34
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында индустриалды сауда-логистикалық кешен бой көтереді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  LS-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, индустриалды сауда-логистикалық кешен "Қарасу" және "Ақ Тілек" өткізу пункттерінде салынады. Жамбыл облысының әкімдігі құрылысқа аумағы 39 гектар жер телімін бөлді, көлемі 100 гектар жер телімін қосымша бөлу туралы мәселе қарастырылуда.

Сондай-ақ, жаңа кешеннің қызметтін реттеу туралы үкіметаралық келісім жобасы жасалды.

Сауда министрлігі кешен аумағында агроөнеркәсіптік өнімдер сақталатынын және өңделетінін атап өтті. Бұдан бөлек, индустриалды сауда-логистикалық кешен ЕАЭО халықаралық тауар өндіру желілері жүйесінде өнеркәсіптік кооперацияны жүзеге асыратын болады. Логистикалық объектілер салынып, халықаралық тауар өткізу желілері жүйесіне одан әрі интеграцияланатын қызметтер құрылмақ.

Министрліктің ақпараты бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд  долларға жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 млрд долларға дейін жеткізу жоспарланған.