×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Президент мемлекеттік рәміздерімізді мазақ еткендер қатаң жазаланатынын айтты

04.06.2022, 12:55
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, оның халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Көк туымызды салтанатты түрде көтеріп, ата-бабамыздың даңқты дәстүрін жалғастырамыз. Желбіреген туымыз Тәуелсіздік мұраттарына адал болуға шақырып, ерекше жігер береді. Жаһандық экономикада өршіп келе жатқан сын-қатерлер мен бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында біз мемлекеттілігімізді нығайту үшін күш-қуатымызды еселей түсуіміз керек. Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн. Біртұтас халық ретінде ұйыса отырып, біз кез келген қиындықты бірге жеңіп, әділетті, тиімді мемлекет құра аламыз, – деді Президент.