Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды», - делінген хабарламада.
Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.
Айта кетсек, 4 маусым күні Маңғыстау облысында шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Еділ Бақытұлы Тешебаев асылып қалған.
Белгілі болғандай, марқұм 2003 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданында туған. Сондай-ақ сарбаз өзі қайғылы оқиға алдында жазған “хаттары” желіде .жарияланды.