×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді

05.06.2022, 10:09

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин референдумда дауыс берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Қазақстанда ең алғашқы референдум осыдан 27 жыл бұрын 1995 жылы өткен. Биыл референдумда Конституцияға өзгерістер енгізеді. Ата заңның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.

Қазақстанның 18 жасқа толған әрбір азаматы референдумға қатыса алады. Барлық өңірде сайлау учаскелері жұмысын бастады. Сондай-ақ 52 мемлекетте дауыс беруге болады. Дауыс беру уақыты таңғы сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Бұған дейін Ерлан Қарин Конституцияға  ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндірген болатын.