×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Тоқаев Қаңтар оқиғалары кезінде қаза болғандардың тізімін жариялауға уәде берді

05.06.2022, 10:29
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ алдында осылай деді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы республкалық БАҚ көздеріне сілтеме жасап.

«Қаза болғандардың тізімі жайлы айтар болсақ, ол жарияланады. Қоғамға тиісті ақпарат беріледі. Бұған дейін айтқанымдай, ол кезде қаза болғандардың саны көп. Террористік тараптан да. Өз әрекетімен олар мемлекеттік құрылымды шайқалтқысы келді», - деді Тоқаев жексенбі күні.

Сонымен қатар президент «осы жағдайларға қатысы жоқ» адамдар да тізімде барын атап өтті.

«Осыған байланысты біз әрине марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Жай азаматтарға қарсы орынсыз әрекет жасаған әскерилердің бәрі, әрине жазаланады. Тергеу жүріп жатыр. Баллистикалық сараптама да. Сондықтан бәрі белгілі болады», - деді ол.

Айта кетсек, президент дауыс берген учаскеге Ulysmedia.kz порталының тілшісін кіргізбеді. Редакцияға алдын ала акрредиттеу жөнінде хабарлама да түспеген.