×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Министр 1 шілдеден бастап сұйытылған газ нарығы қалай реттелетінін айтты

06.06.2022, 11:39
фото: ашық дереккөзден

Cұйытылған газ бағасына қойылған шектеу аяқталғаннан кейін баға қалай реттеледі? Бұл сауалға Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаңтар оқиғаларынан кейін елде газ бен жанар-жағармайдың бағасына шекті бағалар енгізілген болатын. 180 күндік шектеу шарасы 1 шілдеде аяқталмақ.

Шектеу талабы бойынша зауыттың өзінен газдың бір литрі 16 теңгеден сатылуы шарт. Ақшолақовтың айтуынша, бұл – өте төмен баға. Себебі зауыттарда жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы жұмсалады. 

"Өте төмен бағалар сақтала берсе, өндірісті көбейтуге ешқандай ынталандыру болмайды. Өйткені қазіргі бағалар газды шығаруға кететін шығыннан да төмен болып отыр", - деді министр.

Ведомство басшысы 180 күндік шектеу аяқталғаннан кейін газ айналымы бақылауға алынатынын, оған қоса, заңнамаға қосымша өзгерістер енгізілетінін жеткізді.

"Энергетика министрлігі мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, ішкі нарықта сатылатын сұйытылған газдың айналымын қадағалайды. Сондай-ақ, министрлік газ және газбен қамтамасыз ету туралы заңға өзгерістерді әзірлеп қойды. Бұл түзету бойынша Энергетика министрлігіне сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын белгілеу құзыретін беру мәселесі қарастырылмақ. Тиісті түзетулер әзірленіп болған соң ҚР Парламент Мәжілісіне жолданады", - деді Болат Ақшолақов.