×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматыда заңсыз салынған зәулім мейрамхана сүрілді

13.04.2023, 15:51
Алматыда заңсыз салынған зәулім мейрамхана сүрілді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру барысында Наурызбай ауданы «Ақжар» шағын ауданындағы мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Белгілі мерзім өткен соң, меншік иесі ұсыным талаптарын орындамаған. Осыған орай, басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берген.

«2022 жылдың 26 тамызында сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, дегенмен, жауапкер апелляциялық шағым берді. 2022 жылдың 19 қазанында қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Бүгін, яғни, 13 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады», - деп хабарлады әкімдіктен.