×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Енесімен жанжалдан кейін 3 айлық сәбиін өлтірген сарыағаштық келіншекке үкім шықты

06.06.2022, 17:16
фото: ашық дереккөзден

Үш айлық сәбиін суға тұншықтырып өлтірген Сарыағаш ауданы Құркелес ауылының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Енесімен ұрысып қалған Аружан Әбдібект емханаға барар жолда өзін және сәбиін өлтіруге бел байлаған. Содан Келес өзенінің суына қызымен бірге секіріп кеткен. Үш айлық сәбиі суға тұншығып, көз жұмды.

Өз қызын өлтіруге қатысты полицейлер Аружан Әбдібектің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша іс қозғаған. Тергеу аяқталған соң іс сотқа жіберілді. 

Бұрын сотты болмағанына және істеген ісіне өкінетініне қарамастан, прокурор соттан ең қатаң жаза – 15 жыл тағайындауды сұраған. Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы айыптаушы тараппен келісіп, әйелді 15 жылға бас бостандығынан айырды. Аружан Әбдібек жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтемек.