×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Бұдан былай билік өкіліне бағынбағандар 3 жылға қамалады

08.06.2022, 16:19
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда билік өкілдеріне бағынбағандарға жаза қатаңдатылады. Қылмыстық кодекске енгізілетін сәйкес өзгерістерді Мәжілісте мақұлданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанованың айтуынша, өзгерістер қаңтар оқиғасынан кейін енгізілген.

"Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгерістер бидік өкілінің бағынбағаны үшін, оған қатысты күш қолданғаны үшін, Төтенше жағдай кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында және антитеррористік операция жүріп жатқан аумақта қастандық жасағаны үшін тағайындалатын жазаны қатаңдатады", – деді халық қалаулысы.

Қазіргі Қылмыстық кодекстің 379-бабы бойынша ТЖ кезінде билік өкіліне бағынбағаны үшін 2 000 АЕК көлемінде (6 млн 360 мың теңге) айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс істеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Депутаттар бұл норманы қатаңдатып, бас бостандығынан айыру мерзімін 1 жылға, яғни 3 жылға дейін ұзартқан. Сонымен қатар заңға "жаппай тәртіпсіздік кезінде" деген сөз қосылып отыр.