×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Жазғы мектеп: Meta, Google, Apple мамандары Алматыда тегін дәріс береді

09.06.2022, 11:28

Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 200 қатысушы аталмыш мектепте ІТ саласының қыр-сырын меңгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жауапты миссия

ІТ мамандарды даярлайтын nFactorial School мектебі «Шеврон» компаниясының және ITeachMe қоғамдық қорының арқасында Satbayev University қолдауымен ашылды. Жазғы мектепті nFactorial School құрылтайшысы, pinemelon.com америкалық стартапының басқарушы директоры, танымал IT кәсіпкері «Болашақ» түлегі және Пристон университетін бітірген Арман Сүлейменов ұйымдастырып ашты.

«Мен «Шеврон» компаниясы мен Satbayev University-ге біздің бастамамызға қолдау көрсетіп, еліміз үшін осындай ауқымды білім беру жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. nFactorial School миссиясы – 10 мың жоғары білікті әзірлеушіні дайындау және бүкіл әлемде жүз миллиондаған адамға «Made in Kazakhstan» таңбасы бар бағдарламалық жасақтама өнімдерін ұсына отырып Қазақстанды әлемнің «технологиялық» картасында таныстыру», – деді Арман Сүлейменов.

Жалпы Арман Сүлейменовтың білім беру жобалары 2015 жылдан бері 650-ден астам қазақстандық ІТ маманын дайындап шығарған. nFactorial School түлектері  Meta, Google, Apple, Amazon, Reddit, Deepmind, Stripe сияқты технологиялық алып компанияларда, сонымен қатар ТМД елдеріндегі ірі IT компанияларында жұмыс істейді.

Жазғы nFactorial мектебіне қатысушылар веб-бағдарламалау және дизайн негіздерін үйрене алады. Ал оқу аяқталған кезде бірегей веб-қолданбалар шығарады. Оларға үздік қазақстандық және халықаралық IT компанияларындағы кәсіби бағдарламашылар тәлім беріп, IT өнімдерін халықаралық нарыққа шығару және ақшалай пайда әкелу жолдарын таныстырады.

Meta, Google, Apple, Reddit мамандары келеді

Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, IT білім беру жобалары мемлекеттің дамуында маңызды стратегиялық және әлеуметтік рөл атқарады.

«Президент Тоқаев бірнеше рет айтып кеткеніндей, біздің елімізге жас,білімді және ынталы кадрлар қажет. Елдің барлық аймағынан келген 200 дарынды жасқа арналған жазғы бағдарламалау мектебі 100 000 жоғары білікті IT маманды әзірлеу жолындағы тағы бір қадам. Сіздерге жазғы мезгілді пайдалы өткізулеріңізді тілеймін және Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосатын болашақ көшбасшылар, бағдарламашылар, оқытушылар және шығармашыл адамдар арасында сіздерді көремін деп сенемін», – деді мектептің ашылу салтанатында вице-министр.

Мектеп қатысушыларымен Google компаниясында бұрын әзірлеуші болған, nFactorial мектебінің 2016 жылғы түлегі және қыздарға арналған Exponential білім беру стартапының негізін қалаушы Назерке Қалидолда да кеңесін бөлісті.

Апта сайын қатысушыларға «алып» бағдарламашылар қатарындағы Meta, Google, Apple, Reddit компанияларының және Кремний алқабы мен ТМД стартаптарының жетекші бағдарламашылары мен дизайнерлері қонақ болып дәріс оқитын болады. Жоба нәтижесінде қатысушылар 150-ден астам қазақстандық өнім әзірлейді, олардың ең үздіктері инвесторлар мен кәсіпкерлерге стартап презентациясында ұсынылады.