×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан Ауғанстанға 81 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті

17.04.2023, 09:12
Қазақстан Ауғанстанға 81 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті

Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді. Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин гуманитарлық және сауда миссиясымен Кабулға барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді.

Жалпы көлемі 5 403 тоннаны құрайтын (81 вагон) негізгі гуманитарлық жүк теміржол көлігімен жеткізілді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен (сүт консервілері, өсімдік майы, ұн, қарақұмық) тұрады.

«Президент тапсырмасы бойынша біз Қазақстан халқы атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін келдік. Біздің гуманитарлық миссиямыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Осынау мұсылмдандар үшін берекелі уақытта баршаға бейбітшілік пен тыныштық тілейміз», — деді Серік Жұманғарин.

Ауғанстанға сапары аясында Серік Жұманғарин сауда және өнеркәсіп, сыртқы істер, байланыс және телекоммуникация министрлерінің міндетін атқарушы, вице-премьер м.а. Абдул Гани Барадармен кездесті.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстаннан Ауғанстанға экспорт 2,1 есе өсіп, $978,9 млн-ды құрады. Қазақстаннан Ауғанстанға экспорт 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 95%-ға өсіп, $281,5 млн-ды құрады. Ауғанстаннан Қазақстанға импорт 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 28,3%-ға өсіп, $1,1 млн-ды құрады.