×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

«Жаңа буынға жұмыс жоқ»: Депутат әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды

09.06.2022, 13:43
фото: ашық дереккөзден

Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

 Үкімет пен БАҚ-та зейнетақы мәселесі жиі көтеріліп жүргенін айтқан халық қалаулысы бұл мәселені жылы жабуға болмайтынын атап өтті.

БҰҰ болжамдарына негізделген 2015 жылғы зейнетақы реформасы 2022 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 78 жасты және ерлер үшін 70 жас. Әйелдерге белгіленген зейнетақы жасы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне де әсер етеді. Бүгінгі зейнетақы заңына сәйкес азаматтар жұмыс орындарын босатпай, 60-63 жасқа дейін отыра беретін болса, артынан келе жатқан жаңа буынға жұмыс жоқ деген сөз, - деді сенатор.

Дана Нұржігіттің сөзінше, қазір Қазақстанда 453,1 мыңға жуық жұмыссыз бар. Оның ішінде 15-28 жас аралығындағы 9 262 адам жұмыс іздеп жүр және оларға жыл сайынғы жоғары оқу орындарының түлектері қосылады. Олар да әрдайым уақытылы жұмыс таба алмайды. Сенатордың айтуынша, еліміздегі жұмыссыздық мәселесін шешудің бірден-бір жолы – әйелдердің зейнет жасын төмендету.

Әйелдердің зейнетке шығу жастарын өзгерту туралы өтініштерін ысырып қоюға менің арым шыдамайды. Сол өтініштерге сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасын «58» деп бекітіп, ал егер әйел әрі қарай жұмыс істемін десе, өз құқы, өз еркі деп қарастыруыңызды сұраймын, - деді ол Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында.