×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Жаңадан құрылған облыстардан сенаторлар сайлана ма

09.06.2022, 14:37
фото: ашық дереккөзден

Еліміздің жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарынан Парламентке депутаттар сайланады. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Жаңа облыстар құрылғаннан кейін ол жерден депутаттар сайланады. Оларға депутат сайланбасын дей алмаймыз. Әділетті болмайды әрі заңға қайшы. Сондықтан ол облыстардан да сенаторлар келеді. Бірақ Сенаттағы мандат көбейеді деп қабылдамаңыздар. Өйткені президенттің квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқарып жатыр", - деді Сенат спикері журналистерге.

Әшімбаев Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы да қысқартылатынын атап өтті.

Айта кетейік, 8 маусымда ҚР президентінің Қазақстанда 3 жаңа облыс құру туралы жарлығы күшіне енді