×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Қазақстан көмірден түбегейлі бас тарта ала ма

09.06.2022, 17:44
фото: ашық дереккөзден

Көмірден түбегейлі бас тарту мүмкін емес. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды 

«Бізде көмір өнеркәсібінде шамамен 30 мың адам жұмыс істейді. Көмірден бас тарту оңтайлы түрде жүргізіледі, ол біртіндеп жүзеге асырылады. Өйткені, түбегейлі көше алмаймыз. Тіпті, әлемде бірде-бір ел мұны жүзеге асыра алмайды», - деді Әлібек Қуантыров Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында.

Министрдің сөзінше, Польшаға көмір пайдалануға квота берілген. Бірақ, бұл ел уақыты келгенде көмірді пайдалану көлемін бірден қысқартуы тиіс.

«Меніңше, Қазақстан да шамамен осы жолмен жүреді. Бізге көміртегі бейтараптығына толығымен көшу үшін газ немесе атом энергиясы сынды балама көшпелі көздерді пайдалану қажет. Мұның барлығы қазіргі уақытта талқыланып жатыр. Бүгінде Ұлттық экономика министрлігі халықаралық сарапшылармен стратегия, доктрина әзірлеу жұмысын жүргізуде. Меніңше, осы сын-тегеуірінің бәрі сол құжаттарда ескерілетін болады», - деді министр.