Үкіметтің қаулысымен Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкіметтің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Марат Шоранов Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келді.