×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

«Қызметімнен кетуге дайынмын»: Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ит талаған баланың өліміне өзін кінәлі сезінеді

10.06.2022, 18:06
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов қаңғыбас иттердің талауынан көз жұмған 12 жастағы оқушының өліміне өзін кінәлі сезінетінін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

"2 наурызда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданды. Оның күшіне енуі үшін иттер мен мысықтарды асырау туралы заңға тәуелді актілер қажет. Актілер тіркелген бірақ олар 60 күннен кейін күшіне енеді. Яғни 18 шілдеден кейін ұсталған иттерді асырағысы келетіндер арасында жарыс өтеді", - дейді Жақсығали Иманқұлов.

Журналистердің болған оқиғаға жауапкершілік сезінесіз бе деген сауалына шенеунік оң жауап берді. Егер өз жұмысын дұрыс атқармағаны анықталса, қызметінен кетуге де дайын екенін айтты.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбеде Есет батыр тұрғын үй алабының №3 шағын ауданы аумағында орналасқан құрылыс нысандарының аумағында 12 жастағы баланың денесі табылды.

«Кәмелет жасқа толмаған баланың көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары түріндегі зорлықпен өлу белгілері бар мәйтінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі жануардың тістеуінен болуы мүмкін. Аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.